Жүргізушілерге тағы бір жағымсыз жаңалық
Алдағы айда Атырау мұнай өңдеу зауыты тоқтап, бензин мен дизель отынын өндіруді доғарады.
Бұл туралы "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы ресми хабарлады. Оның мәліметінше, қазан айында АМӨЗ-де жоспарлы түрде апаттар мен ақаулардың алдын алу жұмыстары жүргізілетін болады.
"Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы "Азаматтық қорғау туралы" заңының талаптарына, сондай-ақ Энергетика министрлігі бекіткен жоспар-кестесіне сәйкес Атырау мұнай өңдеу зауытында биылғы 1 қазаннан бастап жоспарлы-алдын алу жұмыстары жүргізілетін болады. Жоспарлы-алдын алу жұмыстары дегеніміз – технологиялық қондырғылардың алдағы уақытта да қауіпсіз қызметін қамтамасыз ету, жабдықтың тұрақты жұмыс істеуін қадағалау және өндіріс тиімділігін арттыру үшін мұнай өңдеу зауытында өткізілетін қалыпты процедура", – деп хабарлады ҚМГ.
Ұлттық компанияның түсіндіруінше, жоспарлы алдын алу жұмыстары кезінде АМӨЗ-де технологиялық жабдықтар мен құбырлардың өнеркәсіптік қауіпсіздігін сараптау, техникалық куәландыру, тексеру-ревизия жасау жөніндегі іс-шаралар кешенін жүргізу жоспарланған. Сондай-ақ зауыт тоқтаған кезеңде реакторлық жабдықтың катализаторларын ауыстыру жүзеге асырылады.
ҚМГ дерегінше, аталған жұмыстарға 2 000-нан астам жұмысшы, сондай-ақ 70-ке жуық арнайы техника жұмылдырылатын болады.
Бұл хабар қоғамда, әлеуметтік желіде дүрбелең туғызды. Айналдырған үш мұнай өңдеу зауытының бірі тоқтаса, елде отын тапшылығы басталатынын түсінетін жұрт, соның ішінде ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер бензиннен, дизельден қор жасап қалудың қамына кірісіпті. Оның үстіне қазіргі кезде республика бойынша егін ору науқаны қызған шақ.
Бірақ компания тапшылыққа жол бермеуге күш салатынын жеткізді.
"Жанар-жағармай материалдарының ішкі нарығындағы тұрақты жағдайды қамтамасыз ету үшін Атырау МӨЗ-де мұнай өнімдерінің бүкіл түрі бойынша жеткілікті қор көлемі жинақталып жатыр. Мұнай өнімдері ішкі нарыққа Энергетика министрлігінің жеткізу кестесіне сай жөнелтілетін болады. Сонымен қатар Павлодар мұнай-химия зауыты және Шымкент МӨЗ-і мұнай өнімдерінің өндірісін штаттық режимде жалғастырады", – деп сендірді "ҚазМұнайГаз".
"Атырау МӨЗ" келесі мұнай өнімдерінің түрлерін шығарады және 1 қазаннан бастап олардың өндірісі уақытша тоқтайды:
Сарапшылар кейбір өңірде бензин мен дизелді отын тапшылығы туындауы мүмкіндігін мүлдем жоққа шығаруға болмайды деп санайды. Елде ЖЖМ қоры бар, алайда оларды өңірлер арасында тарату, жеткізу, логистикасы бойынша проблемалар шешілмей қалып тұр.
АМӨЗ тоқтағаннан кейін бензин мен дизельдің қоры 27 күнге ғана жетеді. Бұл ретте көрші Ресейде осы өнімдердің жетіспеушілілігі байқала бастағанын назардан тыс қалдырмаған жөн. Ресейлік ақпарат құралдары тапшылық үдесе, Мәскеудің жанар-жағармай сұрап Қазақстанға жүгінетінін бұдан бұрын жазды.
Өз кезегінде Энергетика министрлігі Атырау МӨЗ-інің жұмысын доғаруы бензин мен дизель отынының елге қолжетімділігіне еш ықпал етпейтініне сендірді. Қоймалау резервуарларында жарты миллионға жуық дизель мен 330 мың тонна бензин жинақталған екен. Бұл – әлгінде айтылғандай, Қазақстанның ішкі нарығының бір айға жуық қажеттілігін өтей алады.
Бірақ жетпей қалады деген қауіп бар. Мысалы, жауапты органдар әсіресе, ресейліктердің мұнай өнімдерін шекарадан жасырын өткізуіне түпкілікті тыйым сала алмай отыр. Демек, сыртқа кете берсе, аталған қор ұзаққа жетпейді.
"ЖЖМ-нің заңсыз, көлеңкелі схемалармен көршіге әкетілуі биліктің қорға қатысты жоспарларын бұзады. Қазіргі кезде ЖЖМ-нің "сұр" экспорты жалғасуда. Мұны ресми лауазымды тұлғалар да растаған болатын. Өйткені бізде АИ-92 бензині бөлшек саудада 205 теңге тұрады. Ал, көрші елдерде оның бағасы 300 теңгеден жоғары. Тиісінше, көрші елдердің тұтынушылары түрлі амал-айламен, саналуан схемалармен, автомобильдерінің бактарында, цистерналарда, басқа құтыларда бензин мен дизельді бізден тасуын үдетеді. Министрліктің жоспарында бұл жайт ескерілмеген", – деді Энергетика министрлігінің қоғамдық кеңесінің мүшесі Олжас Байділдинов.
Оның айтуынша, мысалы, құзырлы қызметтер жер астына көмілген, екінші ұшы шекараның ар жағында жатқан заңсыз мұнай құбырларын дүркін-дүркін тауып тұрады. Олармен де қазақстандық ЖЖМ көршіге айдалады.
Сондықтан, сарапшының пікірінше, жанар-жағармайдың контрабандасымен пәрменді күреспей, тегеурінді тосқауыл қоймай, бензин тапшылығына жол бермеу мүмкін емес. Байділдинов бір мысал келтірді: мұнай өңдеу зауыттары ай сайын Жамбыл облысына АИ-92 бензинінің 27 мың тоннасын жөнелтеді.
Бұл ретте Жамбыл облысының ішкі қажеттілігі 13 мың тонна көлемінде көрінеді. Қалғаны қайда кетеді? Сарапшы шамамен 14 мың тонна бензиннің Қырғызстанға заңсыз шығарылатынын тұспалдады.
Energy Monitor қорының директоры Нұрлан Жұмағұлов та тапшылық болмайды деп үзілді-кесілді айтудың асылық екенін жеткізді.
"Бір аптадан соң Атырау МӨЗ-і жөндеуге тоқтағанда, дизельді отын бойынша қандай да бір проблема болады деп ойламаймын. Ал, бензин бойынша шағын дефицит күтіледі. Оны болдырмау үшін шекараны мұқият бақылауға алу қажет. Одан сыртқа мұнай өнімдері заңсыз әкетілмегені жөн. Тек сонда ғана бензин тапшылығына дейін жібермеуге болады", – деді мұнай-газ саласының сарапшысы.
Сарапшылар көңілсіз байламға келіп отыр. Егер құзырлы құрылымдар өз жұмыстарын лайықты орындамай, ЖЖМ контрабандасына тыйым сала алмаса, онда билік Қазақстандағы бензин мен дизельдің бағасын көрші елдердің бағасына дейін қымбаттатуға баруы мүмкін. Сонда ғана Ресей, Қырғызстан үшін ЖЖМ-ді Қазақстаннан тасу тиімсіз болып қалады.
Бұл бастаманы қолдап жүрген Олжас Байділдиновтың болжамынша, мұндай жағдайда Қазақстанда бензин мен дизельдің 1 литрі кем дегенде 300 теңге тұратын болады. Алайда, соның салдарынан елдегі қымбатшылық барлық салада белең алып, өршуі мүмкін. Сондықтан сарапшы мұндай шешім халық пен бизнес үшін төтенше тиімсіз болатынын ескертті.
Үкімет ондай шетін шешімге бара ма, белгісіз.
Бірақ Энергетика министрі автогаз бағасын күрт көтеріп, оны бензин бағасымен теңестіруге тырысатын болды. Бұл ақпаратты энергетика министрінің орынбасары Әлібек Жамауов жария етті.
"Біз газ бен бензин бағасын теңестіруге тырысамыз. Өйткені бізде автокөліктерге арналған дәстүрлі отын – бензин мен дизель болатын. Халық болса, автогазға көшіп алды. Сұйытылған мұнай газы (автогаз) жалпы алғанда, негізінен мұнай-газ химиясында пайдаланылуға тиіс. Ол мотор отыны болмауы керек! Автомобильде пайдаланылатын газдың бағасын бірте-бірте бензин бағасына теңестіреміз", – деп қайталады Мәжілістің жалпы отырысынан шыққан вице-министр.

- АИ-80-К4, А-92-К5 (АИ-92), А-92-К4 (АИ-92) маркалы этилденбеген бензиндері,
- Дизель отынының түр-түрі (ДТ-А-К4 Altay -45, ДТ-Л-К4, ДТ-З-К5 және басқасы, арктикалық дизель отыны ДТ-А-К5, ДТ-А-К4),
- Тұрмыстық пеш отыны,
- Реактивті қозғалтқыштарға арналған ТС-1 отыны,
- Мазут,
- Вакуумдық газойль маркасы А түр 1,
- Алюминий өнеркәсібіне арналған анодты жиынтық мұнай коксы, анодты КП-1, КП-2 шынықтырылған мұнай коксы,
- Сұйытылған көмірсутекті газдары,
- Түйіршіктелген техникалық газды күкірттер,
- Бензол,
- Параксилолдар және басқасы.