Qazaq Jasa

Алматының демі қандай?

1 наурызда «Алматы қашан еркін тыныс алады?» тақырыбында пікірталас болды. Ол «Еркін тыныстану» экологиялық форумы аясында ұйымдастырылды. Қала тұрғындары мен эко-белсенділер қатысқан бұл шара Qazaqstanda Jasalgan экономикалық ұлтшылдық қозғалысының бастамасы.

Qazaqstanda Jasalgan экономикалық ұлтшылдық қозғалысының жетекшісі Айбек Барысовтың айтуынша, қаладағы үш жылу электр станциясы (ЖЭС) мен оның қазандықтары ауаны ластаушы заттардың 70 пайызға жуығын шығарып отыр».

PhD докторы Мәдина Тұрсынбаеваның мәліметінше, Алматыдағы 2-ші және 3-ші ЖЭС жылына 3,4 млн тонна көмір жағады екен. Әсіресе қыс айларында көмір тұтыну мөлшері екі есеге жуық өседі.

Энергетика маманы Әсет Наурызбаев «Алматы кең тыныстау үшін не істеу керек?» деген сұрақтың төңірегінде нақты ұсыныстар жасап, жағдайды толық талдап шыққан. Оның мәліметінше, Алматыда ауаның ластану проблемасын шешу үшін 1999, 2009 және 2020 жалдары екі бағдарлама мен бір жол картасы қабылданған.

Алайда 1999-2015 жылға арналған «Таза ауа – жанға дауа» кешенді бағдарламасы да, 2009-2018 жылдарға арналған қоршаған ортаның ластануын азайтудың кешенді бағдарламасы да мерзімі жетпей жатып күшін жойған.

Ал Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының экологиялық мәселелерін шешу жөніндегі кешенді жол картасы 2022 жылға дейін ұзартылған. Бірақ ондағы 2020 жылғы индикаторлар әлі күнге орындалмаған.

Осылайша қала әкімдігі аттары дардай құжаттарды қабылдап алып, аяқсыз қалдыруды әдетке айналдырған.

«Соңғы жол картасы да алғашқылардың кебін кимеуі үшін «институционалдық» шешімдер қабылдау қажет, дейді Әсет Наурызбаев.

Ол үшін: • Бір реттік бағдарламалар емес, ауаның сапасын бақылап отыруға мүмкіндік беретін тұрақты әрі тұрлаулы механизмдер қалыптастыру;

• SMART мақсаттарды анықтап алу;

• Сарапшылар, бизнес өкілдері мен қарапайым қала тұрғындарынан құралған бүкіл стейкхолдерлерді жинау;

• Жаңадан мемлекеттік немесе квазимемлекеттік құрылымдарды көбейте берудің орнына, мемлекет пен жеке кәсіпкерліктің ынтымақтастығы тетігін пайдалану керек, дейді.

Ә. Наурызбаевтың айтуынша, Алматыда кең тыныстауға мүмкіндік бермей отырған проблемаларды ол негізгі төрт топқа бөліп қарастыруға болады. Олар – энергетика, автокөліктер, жеке жер үйлер және қала құрылысы. «Жылу мен электр қуатынсыз мегаполисте өмір жоқ. Бірақ сол жылу электр орталықтарынан шығатын зиянды қалай азайту керек деген ең басты сұрақ» деп сөзін қортындылады дейді Әсет Наурызбаев.

Айта кету керек, бұл жобаның нәтижесінде құрамында ұзын талшықтары бар қалдықтарды рецепт бойынша қосу технологиясы енгізілді.

Экологиялық форум аясында қала тұрғындары мен экобелсенділер электрондық цифрлық қол (ЭЦП) кілті арқылы Алматы жылу электр станцияларының әрекетсіздігі үшін сотқа шағым түсірді.

Дереккөз: Жас Алаш