Президент қазақстандықтарды Рамазан айының басталуымен құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Рамазан айының басталуымен құттықтады.
«Қымбатты отандастар! Сіздерді Рамазан айының басталуымен құттықтаймын! Халқымыз үшін Қасиетті оразаның мән-маңызы айрықша. Бұл – қоғамда имандылық, адалдық, жанашырлық, мейірімділік сияқты мызғымас құндылықтарға барынша мән берілетін кезең. Бүкіл мұсылман қауымының ынтымағы артып, бір-біріне бауырмалдығы айқын көрінетін мезгіл. Ораза айы рухани тазаруға, мұқтаж жандарға көмек қолын созып, қайырымдылық жасауға үндейді. Сол арқылы барша адамзаттың береке-бірлігі нығая түсуіне ықпал етеді», –деді Президент құттықтауында.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы дін мен дәстүр сабақтастығын берік ұстанатын ел татулығын, тұрақтылығы мен тыныштығын сақтап, кез келген сын-қатерден сүрінбей өте алатынын атап өтті.
Сонымен қатар Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ да берекелі Рамазан айының келуімен құттықтады.
«Баршамызды қасиетті Рамазан айына аман-есен жеткізген Алла Тағалаға сансыз шүкірлер болсын. Сіздерді берекелі Рамазан айының келуімен құттықтаймын!
«Рамазан – он екі айдың сұлтаны, берекелі де кешірімі мол ай. Күнделікті тіршілік қамымен жүретін пенденің жүрегіне бұл айда иман нұры құйылады», – деді Бас мүфти.
Бас мүфти ораза – күндіз тек ішіп-жеуден өзін шектеу деген сөз емес, ораза – рухтың азығы, тәннің шипасы екенін атап өтті. Сондай-ақ барша қазақстандықтарды қайырымдылық жасауға шақырды.