15 қазаннан бастап Алматыда электр энергиясы үшін тариф қымбаттайды
15 қазаннан бастап Алматыда электр энергиясы үшін тариф қымбаттайды
Алматы қаласында электр энергиясы үшін тарифтер қымбаттайды. Бұл туралы Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департамент басшысы Әсел Буденева мәлімдеді.
Табиғи монополияларды реттеу комитетінің мәліметінше, «АЖК» (Алатау жарық компаниясы) 30,5 миллиард теңге көлемінде өз қаражаты есебінен желілерді жаңғырту жұмыстарын жүргізіп отыр. Оның ішінде 1,8 миллиард теңге қосымша инвестициялар. Бұл шаралар электр желілерінің тозуын 2,45%-ға төмендетеді деп күтіліп отыр. Сонымен қатар, бұл іс-шаралар нормативтік-техникалық шығындарды және апатты жағдайлардың санын азайтуға мүмкіндік береді.
Тарифтің орташа өсуі 3,7%-ды құрайды. 2024 жылғы 15 қазаннан бастап электр энергиясын жеткізудің орташа өлшенген шекті бағасы ҚҚС-сыз 29,04 теңгені құрайды, оның ішінде:
халық үшін – ҚҚС-сыз 27,59 теңге/теңге;
заңды тұлғалар үшін – ҚҚС-сыз 30,08 теңге/кВт-сағ;
бюджеттік ұйымдар үшін – ҚҚС-сыз 30,47 теңге/кВт-сағ;
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өндіретін тұтынушылар үшін – ҚҚС-сыз 29,04 теңге/кВт-сағ.
Электр энергиясын тұтыну көлеміне байланысты сараланған тарифтер жеке тұлғалар үшін келесідей болады:
бірінші деңгей үшін – ҚҚС-сыз 25,06 теңге/кВт-сағ;
екінші деңгей үшін – ҚҚС-сыз 33,11 теңге/кВт-сағ;
үшінші деңгей үшін – ҚҚС-сыз 41,39 теңге/кВт-сағ.
Еске сала кетейік, электр энергиясымен бірге Қазақстанда жылу бағасы да қымбаттады.
Ұллтық статистика бюро мәліметіне сүйенсек, Қазақстанда коммуналдық қызметтердің тарифтері бір жылда едәір өсті, әсіресе, жылу бағасы айтарлықтай көтерілді. 2024 жылдың қыркүйек айында бұл қызметтің құны 5,2 мың теңге болды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 29,9%-ға жоғары.