Ақшалай қаражат 21-ден 35 жасқа дейінгі өз ісін бастағысы келетін не кәсіпкерлікпен, оның ішінде тауарлар өндірумен немесе сатумен, жұмыстарды орындаумен және қызметтер көрсетумен, жеке қосалқы шаруашылықта өнім өндірумен айналысатын азаматтарға конкурстық негізде берілетін болады.
Шағын несиелер «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы беріледі. Сыйақының номиналды мөлшерлемесі – жылдық 2,5%-дан аспайды, займның ең жоғары сомасы – 5 млн теңгеге дейін, мерзімі – мал шаруашылығын есепке алмағанда, кез келген мақсаттар үшін 5 жылға дейін (7 жылға дейін). Жалпы, бұл жобаға 2023 жылы 28 млрд теңгеден астам қаржы қарастырылған, бұл 5,7 мыңнан астам жастарды қамтуға мүмкіндік береді.

Несиенің негізгі шарттары:
Микрокредит алу үшін құжаттарды тапсыру мәселесі бойынша Аграрлық несие корпорациясына жүгіну қажет.
- микрокредит мерзімі - 5 жылға дейін, мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін микрокредит мерзімі – 7 жылға дейін;
- микрокредиттің ең жоғары сомасы - 5 миллион теңгеге дейін;
- номинал сыйақы мөлшері - жылына 2,5 пайыздан аспайды;
- кепілдіктің болуы;
- негізгі қарыз бен сыйақыны өтеу үшін жеңілдік кезеңі 1/3 микрокредит беру мерзімінің ұзақтығынан аспауы қажет;
- Қазақстанның салық заңнамасына сәйкес сенім білдірген агентке микрокредит алу үшін жүгінген кезде жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу мерзімі бес жылдан кем кәсіпкерлер.
Микрокредит алу үшін құжаттарды тапсыру мәселесі бойынша Аграрлық несие корпорациясына жүгіну қажет.