Алматыда Қазақстанның жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының жиынында отандық өндірушілер ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.
Жиынды ұйымдастырған QAZTEXTILEINDUSTRY СРО (өзін-өзі реттейтін ұйым) мен Қазақстанның жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының қауымдастық өкілдері тоқыма, тігін өнеркәсібі және жеңіл өнеркәсіптің басқа да шағын салаларының қиындықтарын айтты.
Алматы технологиялық университетінің ғимаратында өткен бұл іс-шара жеңіл өнеркәсіп саласының отандық ірі кәсіпорындарының басын біріктірді.
QazTextileIndustry басшысы Гүлмира УАХИТОВА бүгінде мемлекет жеңіл өнеркәсіпке тиісті көңіл бөлмей отырғанын атап өтіп, сала өкілдері жұмылып жұмыс істеу керегін айтты.
«Үнемі өсіп жатқан бәсеке жағдайында тиімді әрекет ету үшін салалық кәсіпорындар бірігуі керек. Бүгін біз қол қоятын құжаттар ынтымақтастықты дамытуға бағытталған. Жиынға Қазақстанның жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының 70 пайызы қатысып отыр, біз мүддемізді қорғау үшін ортақ ұстанымға келуіміз маңызды», – деді ол.
Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары қауымдастығының президенті Наталья АХШАБАЕВА саладағы жағдайға қатысты 2020 жылы жүргізілген зерттеу нәтижелерімен бөлісті. Спикердің айтуынша, Қазақстандағы мектеп оқушылары киімінің нарығы орта есеппен 45 млрд теңгеге бағаланады.
Ахшабаева Қазақстанға ұлттық жеңіл өнеркәсіпті дамыту бағдарламасы қажет екенін де атап өтті.
Саланың дамуына кедергі келтіріп отырған басты себеп не деген сұраққа жауап берген баяндамашы Өзбекстан, Қырғызстан және Беларусь елдерінің жеңіл өнеркәсібін атады. Бұл елдерде тігін өндірісі саласында озық технологиялардың қарқынды дамуы саланың өркендеуіне түрткі болуда.
«Ал бізде шикізат өндірісі дамымаған. Сөйте тұра тігін ісі жақсы өркендеп келеді. Осы жерде шикізатты басқа елдерден алуға байланысты қиындықтар бар. Мысалы, семейлік тігіншілер иірілген жіпті Беларусь мемлекетінен сатып алады, ал Беларусь Қазақстанның оңтүстігінен жүн сатып алып, одан иірілген жіп өндіреді», – деп қынжылды Наталья Ахшабаева.
Баяндамашы ЕАЭО және ДСҰ проблемаларына да баса назар аударды. Оның айтуынша, халықаралық ұйымдарға кірген Қазақстан отандық өнім өндірушілердің мүддесін қорғай алған жоқ. Соның салдарынан жергілікті өндірушілер бәсекелестікте әділетсіздікке тап болып отыр.
Сала өкілдері 2021 жылы қабылданған «Өнеркәсіптік саясат туралы» заңды да талқылап, қолданыстағы заңнамаға енгізілетін өзгерістерге қатысты бастамаларды пысықтауға дайын екенін жеткізді.
Мемлекет тарапынан жиынға қатысқан Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Жеңіл өнеркәсіп департаментінің басшысы Айжан ӘДІЛОВА жеңіл өнеркәсіп нарығындағы импорт және экспорт мәселесіне тоқталды.
«Бұл нарық бүгінде 1 трлн теңгеге бағаланады. 2022 жылы өндіріс көлемі 88 млрд теңге болды. Өсім – 11,7%. Барлығы 420 кәсіпорында 30 мыңдай адам еңбек етеді. Бірақ, импорт экспорттан 26 есе асып түседі. Отандық үлес – ішкі нарықта небәрі 10 пайыз. Десе де, кейбір өнімдер бойынша өндіріс көлемі өсу ағымы байқалып отыр. Мысалы, дайын тоқыма бұйымдардың үлесі 6,5 есе, төсек-орын жабдығының өндірісі 11 есе, тоқыма матадан жасалатын сырт киімнің өндірісі 4 есе, тоқыма байпақтардың өндірісі 6,2 есе, тері өндірісі 2,5 есе өскен», – деді шенеунік.
Оның айтуынша, саладағы жүйелі проблемаларды шешу үшін екі жол картасы әзірленген.
Осы орайда «Azala» компаниялар тобының бақылау кеңесінің төрағасы Бауыржан ЖАМАЛОВ мекемеге саланы дамытуға қатысты қолданыстағы барлық бағдарламаларды қайта қарауды ұсынды.
«Мемлекеттік сатып алу арқылы өнім сатып алатын ауруханалар мен мектептерге арналған мата сапасына қатысты мемлекеттік стандарттар жоқ. Сондай-ақ, біз өндіретін төсек-орын жабдықтарын «Қазақстан темір жолы» сатып алмайды, ал «Ресей темір жолы» сатып алады», – деді Жамалов.
«Adal Qyzmet Group» ЖШС бас директоры Алмагүл ҚАДЫРҚҰЛОВА саланың басты мәселесі кадр тапшылығы екенін, табыстың төмендігінен жастардың жеңіл өнеркәсіп саласында жұмыс істеуге құлықсыздығын, өнеркәсіп саласындағы мамандықтардың беделі мен жалақы деңгейін көтеру қажеттігін атап өтті.
Алматы Технологиялық Университетінің бірінші проректоры Бауыржан НҰРАХМЕТОВ осы орайда қызықты деректер келтірді: өткен жылы жеңіл өнеркәсіп саласына бөлінген 900 гранттың 181-іне ғана түлектер түскен. Басқасына қызығушылық танытпапты.
Qazaqstanda Jasalgan Экономикалық ұлтшылдық қозғалысының жетекшісі Айбек БАРЫСОВ отандық өндірушілерге айтарлықтай көңіл бөлінбейді деп есептейді:ФОТО
«Кез-келген саладағы өнім өндірушілердің тауқыметтері бірдей. Шын мәнінде барлық қиындықтар бізді қолдауға тиіс тараптан туындайды. Депутаттар, шенеуніктер, барлық деңгейдегі билік өкілдерінен. Және тәуелсіздік жылдарында бірде-бір министр өзі қабылдаған шешімдер үшін, ойран болған адамдардың өмірі үшін, күйреген өндірістер мен экономиканың салалары үшін жауапкершілік алған жоқ. Бүгінгі күні жеңіл өнеркәсіп саласының сенімді қолда екені қуантады. Және бұл таң қалатын дүние емес, өйткені ең табандылары салада қалды. Кезінде қирап қалған Абай фабрикасы бүгін тамаша тоқыма бұйымдарын шығаруда. Меніңше, 30 жыл сұрыптаудан өткен кәсіпорындар өздерінің өміршеңдігі мен өнімінің сапасын дәлелдеп шықты», – деді ол.
Қарағанды облысындағы «Абай» тігін фабрикасының басшысы Нұрхан ЖҰМАБЕК кәсіпкерлердің банктерден қымбат несие алуға мәжбүр болатынын, түрлі мемлекеттік бағдарламалардың көмегі жоқтығын тілге тиек етті.
«Біз фабриканы банктен алған несиеге сатып алдық. Ал мемлекеттік тапсырыс атымен жоқ. Тапсырыстардың барлығы жеке бизнестен түседі. Мемлекеттік саясат тек бизнесті барынша бытыратып, бәсекені қоздыруға ғана бағытталған деп есептеймін. Біз «мемлекеттік тапсырыс парадигмасында» өмір сүреміз, бәсекелестігіміз тек бағаға ғана қатысты», – деді ол.
Айбек Барысовтың пайымдауынша, отандық өндірушілердің проблемаларына билік назар аудару үшін бірігіп әрекет жасау керек.
Съезде ұйымдардың 2023 жылға арналған жұмыс жоспары бекітіліп, Қазақстанның жеңіл өнеркәсіп саласы кәсіпорындары қауымдастығы мен Қазақстанның Жеке қорғаныс құралдарын өндірушілерінің одағы, Qazaqstanda Jasalgan Экономикалық ұлтшылдық қозғалысымен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.