Туризм саласында Қазақстанға ең көп пайданы кім әкеледі.
Туризм саласы бойынша 2024 жылдың өткен кезеңінде ресейлік туристердің есебінен ел қоржынына 1,8 млрд теңге түсті.
Осы күнге дейін туризм саласына түскен жалпы соманың жартысына жуығын, атап айтқанда, 43,8%-ын ресейліктер құрады. Сондай-ақ, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,6% — ға өскен.
Екінші орында өзбекстандықтар, ал үздік үштікті түрік саяхатшылары аяқтап тұр.
Өзбекстандық туристер Қазақстан экономикасына 392,8 млн теңге үлес қосты. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 20%-ға аз. Ал түркиялық саяхатшылардың есебінен 299,7 млн теңге пайда түсті.
Шетелдік туристер көбіне-көп Алматы қаласы мен оның тау курорттарына, сондай-ақ Астана қаласына сапар шегеді. Бұл ретте, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Абай облыстарын қоса алғанда, солтүстік өңірлердегі туризм саласы ең аз табыс әкеледі.
Сонымен, 2024 жылдың өткен кезеңінде шетелдік саяхатшылар ел қоржынына 4,1 млрд теңге пайда әкелген.
https://t.me/qazaqjasa