Қазақстан Еуропаға ең ірі мұнай жеткізуші ТОП-3 елдің қатарына енді.
Былтыр ЕО елдеріне тәулігіне импортталған 9,1 миллион баррель мұнайдың үлесінде Қазақстан да бар.
Осылайша, ресми статистикамен еліміз Еуропалық Одаққа шикі мұнай экспорттаушы мемлекеттер арасында үшінші орынға тұрақтады.
Шикі мұнай жеткізулердің ең үлкен көлемін АҚШ бастаған. Екінші орынға Норвегия жайғасқан. Бір қызығы, тізімде әртүрлі құрлықтағы мемлекеттер кездеседі.
Тізім келесідей:

- АҚШ – тәулігіне 1,40 млн баррель (15,4%);
- Норвегия – 1,10 млн баррель (12,1%);
- Қазақстан – 1,05 млн баррель (11,5%).
- Ливия – 0,67 млн баррель (7,4%);
- Сауд Арабиясы – 0,66 млн баррель (7,2%);
- Ирак – 0,57 млн баррель (6,3%);
- Нигерия – 0,54 млн баррель (5,9%);
- Бразилия – 0,45 млн баррель (4,9%);
- Ұлыбритания – 0,41 млн баррель (4,6%).