Qazaq Jasa

Астанада жеңіл өнеркәсіп саласының негізгі өкілдері бас қосқан II съез басталды.


Астанада жеңіл өнеркәсіп саласының негізгі өкілдері бас қосқан II съез басталды. Жиынға жетекші кәсіпорындар, мемлекеттік органдар мен бірлестіктер қатысты.

Съезде Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының ұлттық бірлестігінің 10 жылдық жұмысы қорытындыланып, даму стратегиясы талқыланды.

🖊 Жиынның ашылу рәсімінде құттықтау сөз сөйлегендер:
— ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Асет Нүсіпов
— ҚР Индустрия және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспай
— «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Президиумының төрағасы Райымбек Баталов

Съезд аясында отандық кәсіпорындардың өнімдері таныстырылған көрме ұйымдастырылып, жеке қорғаныс құралдары мен дайын бұйымдарға арналған шоу-рум, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының компаниялар тобына арналған шикізат үлгілері ұсынылды.

🗒 Жиында сөз сөйлегендердің қатарында:
— «Қазақстандық СҚҚ өндірушілер одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Надежда Шабаева,
— «Цифрлық экономиканы дамыту орталығы» ЖШС бас директоры Бикеш Құрманғалиева,
— «Qaz Textile Industry» өзін-өзі реттейтін ұйымының басшысы Гүлмира Уахитова болды.

Съезд қорытындысы ретінде «Цифрлық экономиканы дамыту орталығы» ЖШС мен «Qaz Textile Industry» ұйымы арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Съезд қатысушыларына Қорғаныс-өнеркәсіптік кешен кәсіпорындары қауымдастығы басқармасының төрағасы Айбек Барыс арнайы құттықтау хатын жолдады. Ол хатында былай деді:

«Сіздердің салаларыңыз — еліміздің Қорғаныс министрлігі мен күштік құрылымдарының маңызды серіктесі. Kaz Textile Industry және оған мүше кәсіпорындар – Қорғаныс-өнеркәсіптік кешенінің белсенді қатысушылары. Біз бірлесіп заңнамаларды жетілдіру бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп келеміз. Біздің ортақ міндетіміз – мемлекеттің қорғаныс қабілетін нығайту. Армия мен әскери-теңіз күштерін қолдау — басты басымдықтардың бірі.


2025-06-16 12:14