Qazaq Jasa

ЖЕҢІС КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Бұл – жанқиярлық ерліктің, еңселі елдіктің рухы биіктеп, Жеңістің жалауы желбіреген күн. Ел тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы бейбіт күннің арқасы. Осынау ұлы мереке қарсаңында сіздерді Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

1945 жылдың 9 мамыры күллі елдің жадында ерлік пен мұқалмас жігердің үлгісі болып қалды. Бұл – қанмен, көз жасымен келген жеңіс. Сондықтан да еш уақытта ұмытылмайды. Жер бетінде ешқашан соғыс болмасын! Жеңіс туы көкте желбіреп тұрсын!