Qazaq Jasa

Қазақстанның мақтанышы, әнші Димаш Құдайберген еліміздегі құрышталған дөңгелекті көлік шығаратын жалғыз зауытта болды.

‼️ Қазақстанның мақтанышы, әнші Димаш Құдайберген еліміздегі KPE «Kazakhstan Paramount Engineering» - құрышталған дөңгелекті көлік шығаратын жалғыз зауытта болды. Оны зауыт иесі, белгілі қоғам қайраткері Айбек Барысов қарсы алды.

Димаш ұжыммен тілдесіп, бірегей туындының құрылу тарихы мен бүгінгі тыныс-тіршілігіне қатты қызығушылық танытты.

Айбек Барысовтың айтуынша, отандық тауар өндірушілерді қолдау, ұлттық таланттар мен Отанға деген сүйіспеншілік – бүгінгі таңда өнерпаз бен халық әртісін біріктіретін тақырып.

Зауыт жұмысшыларын қуантқан Димаш ұжыммен бірге суретке түсіп, қолтаңба берді.