Qazaq Jasa

«Экономикалық ұлтшылдық»

Экономика

Жаппай Экономикалық Ұлтшылдыққа арқа сүйеу керек, өз еліңнің өндірісіне ымырасыз қолдау көрсету және отандық іскерлер мүддесіне барша жағдай жасау. Біздің елдің іскер азаматтары мемлекеттің Басты қозғаушы күшіне айланады. Ол даму бағытын айқындайды. Тек қана оның мүддесі және ұлттық өндірістің мұң мұқтажы бірінші мезетте қорғалуы тиіс.

Біз Ұлттық Капиталдың дамуына және оны кемсітуші барлық құқықтық актілер мен керітартпа заңдарды қайтадан қарап шығамыз. Біз монополияларды жойып және ел ішіндегі өзара бәсекелестікке жасыл бағдар шам орнатамыз. Біз мемлекетке тиесілі тиімсіз үкімет активтерін адал әрі ашық түрде биліктен жекенің қолына өтуін қамтамасыз етеміз.

Тек қана әуелден әлеуметтік тиімсіз саладан басқа жәрдем ақшалардан бас тарту керек.

Ұлттық инвесторлардың мүдделерін қорғау қажет ! Қазақстандық бизнестің дамуына өндірістің және ғылым мен мәдинеттің дамыуына өз қаржыларын салушы біздің елдің барлық іскер азаматтары – қорғау мен сыйлағанға лайықты жандар !

Иесі – халық

Отандық компаниялардың құнды қағаздары мен акциялар нарығын дамытып, әрі ел азаматтарының неғұрлым басым бөлігінің оларға иелік етуіне жол ашу.

Тіл

Біздің еліміздің мемлекеттік тілі, ол - Qazaq Tili. әрі мәңгі бақи солай болады, бұл біздің мемлектіміздің негізі және біздің Тәуелсіздігіміздің кепілі, әрі Баға Жетпес Мұрасы, сонымен қоса бұл біздің Ұлы Түркі Әлеміне қатысымызды айқындайды.

Латын әліппесін пайдаланушы заманауи мемлекеттік тіл, дамыған әлемдік ақпараттық кеңістікке барынша ықпалдасқан және біздің ұлтымыздың дамыуының даңғыл жолы – бұл біздің тікелей мақсатымыз және мұқтажымыз.

Азамат

Біздің еліміз – Qazaqstan, азаматтардың барлығы Qazaq.

Ребрендинг дегеніміз бұл тек атын өзгерту емес, бұл затында өзгерту. Біз тұтастай өзгеріп әлемдік қауымдастықпен ықпалдасқан азат азаматтардың Біртұтас Ұлтына айлануымыз керек.

Осы мақсатты іске асыру үшін латын әліппесінің негізінде мемлекеттік тілде елдің аты және азаматтардың атауын өзгерту үшін барлық ел азаматтарының құрамын електен өткізу қажет, бұл ата-тегі мен өз аты-жөні және әкесінің аты, құжаттағы жазылу үрдісін әлемдік талаптарға сай жазылуына жол ашады, мысалы ; адамның өз Аты, Әкесінің аты Тегі ( соңы орысшаланған ов,ова,ин, вич секілді орыс тілінің ережелерінен арылу қажет ) міндетті түрде Mr (Myrza) және Hnm (Hanym). Мысал ретінде : Ardaq Erjan Mr, Ardaq Erjan Hnm ..

Экология

Біздің ұранымыз : «Еркін Тыныстау!»

Біз барлық көмір пайдаланатын жылу электр орталықтарын дереу газ қондырғыларына көшіруге және жаңа индустриялық Жаңартылатын қуат көздеріне өтуді қолдаймыз. Екібастұз қаласын қайта профильдеудің кең ауқымды бағдарламасын дамыту керек, бұл көмір өндіруші өңірде жаңа жұмыс орындарын құруды қажет етеді.

Біз таза ауа, таза жер, таза су және таза азық-түліктің болуын қолдаймыз!

Біз азық-түлік шығаратын өндірістердің пальма майын пайдалануына тиым салуымыз керек.

Біз бейберекет қоқыстың орнына қоқыс өңдеуші зауыттардың салынуын қолдаймыз !

Барлық шетелдік полигондар жабылуы тиіс. Байқоңыр жалға берілмейді. Біз бен біздің елдің жерін улайтын гептил сынды отын көздері және басқада химиялық және зиянды технологияларға тыйым саламыз !