Стратегиялык, серпіліс: Қазақстан қорғаныс енеркәсібінің жаңа белесі.
Стратегиялык, серпіліс: Қазақстан қорғаныс енеркәсібінің жаңа белесі. Қазақстанның әскери-өнеркәсіп кешені үшін тарихи маңызы бар оқиға орын алды. Біз, яғни «Barys Dynamics» холдингі Сербияның осы сектордағы танымал алпауыты - «Yugoimport» компаниясымен стратегиялық келісімге қол қойдық. Бұл құжат еліміздің қорғаныс әлеуетін мүлдем жаңа технологиялық деңгейге көтерудің алғышарты болмақ. Айта кетейік, аталған келісім 2024 жылдың қарашасында Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сербияға ресми сапары кезінде басталған жұмыстың нәтижесі. Мемлекет басшысынын, тікелей қолдауымен стратегиялық бастамасы, сондай-ак оның әлемдегі беделі, аталмыш келісімді сәтті жүзеге асыруда шешуші рөл атқарды..
Жобаның негізгі өзегі — Қазақстанда жоғары энергетикалық материалдардың үнтақжарылғыштар мен тротил өндірісін толықтай жолға қою. Келісімшарт аясында тек техникалық жабдықтау ғана емес, сонымен қатар заманауи инженерлік шешімдер мен бірегей «ноу-хау» трансферті қарастырылған. Бөл — сырттан дайын өнім сатып алу емес, заманауи ғылым мен білімді елге әкелу деген сөз. Бұл ынтымақтастықтың түпкі мақсаты — елімізде толық циклді оқ-дәрі өндірісін іске қосу. Тың технологияны игеру арқылы Қазақстан ірі калибрлі снарядтар бойынша импорттық тәуелділіктен біржола арылады. Бұл қадам тек еліміздің ғана емес, тұтас Орталық Азия өнірінің әскери қауіпсіздік архитектурасын нығайтатын серпінді жоба болмақ. Перспективалы жобаның ұлттық экономикаға берер серпіні де орасан. Ол жаңа жұмыс орындарын ашып, отандық ғылыми-техникалық әлеуеттің артуына және өнеркәсіптегі қосылңан күн тізбегін қалыптастыруға жол ашады. Ал мұндай ауқымды міндеттерді орындауға біздің тәжірибеміз де, әлеуетіміз де жеткілікті. Шетелді қозық технологияларды сәтті импорттап, оны отандық өндіріске бейімдеудегі бай тажірибеміз бұл жобаның да жемісті боларына кепілдік береді.