«Qazaqstanda Jasalğan» Экономикалық ұлтшылдық қозғалысы» РҚБ – 2023 жылдың 19 қаңтарында Қазақстан кәсіпкерлері мен салалық қауымдастықтардың басшылары құрған ұйым.
«Qazaqstanda Jasalğan» негізін қалаушылар:
- Айбек Барысов, қорғаныс өнеркәсіптік кешен кәсіпорындар бірлестігінің төрағасы;
- Гүлмира Уахитова, Qaz Textile Industry жеңіл өнеркәсіптің өзін-өзі реттейтін ұйымының төрайымы;
- Марат Берқалиев, Қазақстанның көліктік конвент қауымдастығының президенті;
- Қанат Ибраев, ҚР Жиһаз және ағаш өңдеу өнеркәсібі қауымдастығының президенті;
- Дәурен Ағзымов, «Qazaq Stone» Қазақстанның тас өңдеу өнеркәсібі одағы» ЗТБ басқарма төрағасы;
- Қайрат Бектүргенев, «Қазақстанда жасалған» тауар өндірушілер мен кәсіпкерлер қауымдастығы» ЗТБ басқарма төрағасы;
- Нұрхан Жұмабеков, Абай тігін фабрикасының қожайыны;
Қозғалысқа кімдер кіреді?
Қоғамдық бірлестікке қатысушылардың қатарында өндірістің әртүрлі салаларындағы 100 мың жұмысшының мүддесін қорғайтын өндірістер мен кәсіпорындардың басшылары бар. Қозғалыс құрамына қазақстандық тоқыма, жиһаз өндірушілері, қорғаныс өнеркәсіп кешен өкілдері, жолаушылар тасымалдауды ұйымдастырушылар кірді.
Мақсат және міндеттер
Қозғалыстың басты міндеті – отандық бизнесті қолдау. Қозғалыс мүшелерінің айтуынша, мемлекеттік органдар қазақстандық тауар өндірушілер және кәсіпкерлермен санаспайды, ал заңдар не орындалмайды, не кәсіпкерлердің бизнесін дамытуға кедергі келтіреді және елде отандық бизнеске геноциді жасалып келеді.
Осыған орай Қозғалыстың 11 талабы бар:
1. Ұлт дегеніміз Азаматтық!
2. Тұлғаға және жеке меншікке қол сұғылмаушылық!
3. «Qazaqstanda Jasalğan» – мемлекеттің жаңа идеологиясы
4. ШОБ-ты салықтан босату!
5. Сөз бостандығы! БАҚ-қа мемлекеттік тапсырыс беруге тыйым салу!
6. Зияткерлік меншікті қорғау! Ғылымды дамыту!
7. Технологиялар тасымалдауын қамтамасыз ету!
8. Шикізат - Өндіріс - Тауар!
9. Тұрақты негізде ұзақ мерзімді мемлекеттік тапсырыс!
10. Субсидиядан бас тарту!
11. Өзін-өзі реттеу – бюрократия соңы!
Барлық талаптың басты мақсаты – халықтың өмірін жақсарту.