Қай өңірдің халқы несие қарызына батып отыр?
Ұлттық банк деректеріне сәйкес, 2023 жылы қазақстандықтардың несие бойынша қарызы 23,4%-ға артқан. Бұл жайлы «Курсив» редакциясының зерттеуінде жазылған.
Редакция анықтаған деректерге сәйкес, қазақстандықтардың жан басына шаққандағы несие қарызы 950 мың теңгеге жуықтаған. Шағын несиелер мен коллекторлардың үстемесін қоса есептегенде, қарыздық міндеттемелердің көлемі әр адамға шаққанда 1 млн теңдеген асады екен.
Егер несие алушылардың қатарынан балалар мен зейнеткерлерді алып тастайтын болсақ, Қазақстанның еңбекке жарамды әрбір азаматының банктерге қарызы орташа есеппен 1,7 миллион теңгеге жуықтайды.
Өңірлер бөлінісінде қарыз алатындар саны Алматы мен Астана қалаларында және Шымкент пен Қарағанды қалаларында жоғары. Бұл төрттіктің ішінде Алматы және Астана қалалары көш бастайды. Қалған 16 облыстың тұрғындарының несие алу көлемі орташа деңгейден төмен екен.
Несие қарызы аз өңірлер Алматы мен Түркістан облыстары. Алматы облысының несиесін өңір тұрғындарына шақққанда, әр адам үшін 99 мың теңгені құрайды. Ал Алматы облысының құрамынан бірнеше жыл бұрын бөлініп шыққан Жетісу облысының жан басына шаққандағы қарызы есе жоғары, яғни 556 мың теңге.
Жалпы, несие қарызы бойынша жаңадан құрылған облыстардың көрсеткіштері жоғары. Атап айтқанда, ең жоғары көрсеткіш – Жетісу (+52,7%) және Абай облыстарына (+48,6%) тиесілі. Дәл осындай тенденция облыс мәртебесін ертерек алған Түркістан облысында да байқалған. Өңірдің қарыз көрсеткіш +41,6%-ды құраған.
Несиелік қарызы төмен өңірлер – Атырау облысы (+26,3%) мен Шымкент қаласы (+28,5%). Жалпы бүкіл ел бойынша Алматы облысының тұтынушылық несиелік қарызы ең төмен және қарыз көлемінің өсу қарқыны да баяу өңір саналады.
Ал әр қазақстандыққа шаққандағы ипотеканың орташа мөлшері бүгінде 282 мың теңгені құрайды. Бұл нарықтың негізгі драйвері елорда тұрғындарының төлем қабілетінің жоғары болуы. Мәселен, Астанада ипотекалық несиенің үлестік сомасы 1,1 миллион теңгеден асады. Солайша бас қала ипотекалық портфелі ірілендірілген жалғыз аймақ боп саналады.
Алматылықтардың тұрғын үй несиесі бойынша қарызы Астанамен салыстырғанда екі есе төмен. 604 мың теңгені құрайды. Кейбір елдімекендерде нақты ипотека 150 мыңнан 250 мың теңгеге дейін жетеді. Тұрғын үй несиелері бойынша жан басына шаққандағы ең төменгі қарыз Түркістан облысында – 24 мың теңге, Ұлытау облысында – 41 мың, Жетісу облысында – 58 мың және Алматы облысында – 66 мың теңгені құрайды. Ал Ұлытау облысы ипотекалық портфелі ең төмен өңір болып саналады. Аймақтың ипотекалық портфелі 9,1 млрд теңгені құрайды. Бұл 40 млрд теңгелік көрсеткіштермен тізімн