Qazaq Jasa

Доллардың қымбаттауына байланысты Қазақстанда тұрғын үй бағасы, әсіресе, әлеуметтік бағдарламалар бойынша салынатын баспана бағасы көтерілмейді.

Доллардың қымбаттауына байланысты Қазақстанда тұрғын үй бағасы, әсіресе, әлеуметтік бағдарламалар бойынша салынатын баспана бағасы көтерілмейді.
Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Үкімет сағатынан кейін өткен брифинг барысында айтты.

«Ұлттық банктің ресми мәліметіне сәйкес, 3 желтоқсандағы доллар бағамы 524 теңгені құрап отыр. Ал ақша айырбастау пункттерінде доллар бағасы 535 теңгеге жақындап қалған. Осы орайда баспана бағасы қаншалықты қымбаттауы мүмкін?», – деп сұрады журналист.

Шарлапаев мемлекеттің әлеуметтік баспаналардың бағасының көтерілмеуі үшін жағдай жасайтынын айтты. Атап айтқанда, «Наурыз», «Отау» бағдарламасы, жалға алынатын тұрғын үйлердің бағасын мемлекет қадағалайтынын айтты.

«Құрылыс материалдарының 70%-ға жуығы отандық өнім. Сондықтан ол үйлерге де нарықтың әсері айтарлықтай бола қоймайды. Десе де бұл – нарық болған соң, нақты кесіп айта алмаймыз. Бір нәрсені нақты білем, мемлекет әлеуметтік тұрғын үйлердің қымбаттауына жол бермейді», – деді министр.