Qazaq Jasa

«БЕКТАНОВ бекерден-бекер сотталған жоқ...» – А.БАРЫСОВ

Экономикалық ұлтшылдық қозғалысының жетекшісі Айбек БАРЫСОВ бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат БЕКТАНОВТЫҢ сотталуын «министрлік жұмысының заңды қорытындысы» деп есептейді.


«Қорғаныс саласының экс-министрі Мұрат Бектановтың 12 жылға сотталып, тергеу «Құпия» грифімен жүргізілді. Бір жыл бұрын оны «қызметтегі әрекетсіздік» бабы бойынша ұстаған еді. Менің ойымша, әрекетсіздік қанды қаңтарға дейін болған және Бектанов қана әрекетсіздік көрсеткен жоқ.

Мен, брондалған техника шығаратын зауыттың иесі ретінде министрілктің бүрлі жетекшілеріне шықтым. Олар ешқандай әрекет жасамады, үнсіз қалды.

Тағы бір экс-министр Ермекбаевтың позициясы көпшілікке белгілі. Ол қазақстандық машиналардың орнына брондалған көліктерді Ресейден сатып алмақ болды.

Оның орнына келген Бектанов та қызметінде нәтижемен көзге түскен жоқ. Оған қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен бойынша ұсыныспен шыққанымызда үнсіз қалды, бізбен кездесуден әрдайым қашып жүрді.

Мұндай әрекетсіздік және бастаманың жоқтығы біздің шенеуніктердің көбіне тән. Мұның салдары қайғылы жағдайға апарып соқтыруда.

2022 жылдың қанды қаңтарында қандай оқиға болғанын халық білуге тиіс деп есептеймін. Алдағы уақытта немен айналыссам да, осыған қол жеткізуге тырысамын», – деді А.Барысов.


Дереккөз: Nege.kz